Хабар телеарнасы

Ардагерлер біздің жанымызда

Тәжік-ауған шекарасындағы жауынгерлік қимылдарға Чернобыль апатының залалын жою шараларына локальді соғыстар мен әскери қақтығыстарға қатысқан ардагерлер ұрыс даласында шейіт кеткен жауынгерлерді еске алды. Даңқ мемориалына гүл шоқтарын қойып, тағзым жасады. Сексенінші жылдары бауырлас елдерде жүздеген сыр бойылық әскери борышын өтеген. Ондаған сарбаз интернационалистік парызын абыроймен атқарып, ерлікпен қаза тапты. 

Мұрат Мұхамеджанов, Тәжік-ауған шекарасындағы жауынгерлік ұрыс ардагері 

-Ұлы Отан соғысы жылдарында біздің аталарымыз бен әкелеріміз бір окопта соғысты. Қазақ, орыс, өзбек, тәжік, қырғыз және корей ұлтының өкілдері ортақ жау – неміс басқыншыларына қарсы күресті. Біз де Тәжік-ауған шекарасындағы жауынгерлік ұрыстарға қатысушылар келешек ұрпақты бірлік, татулық және тұрақтылыққа үндейміз.