Хабар телеарнасы

Бүгін «Хабар» агенттігі ұйымдастырған «Жеңіске құрмет!» акциясының қорытынды концерті өтеді

Бүгін «Хабар» агенттігі ұйымдастырған «Жеңіске құрмет!» акциясының қорытынды концерті өтеді

«Хабар» АҚ» ұйымдастыруымен жүзеге асқан акция аясында көмекке зәру, қолдауға мұқтаж ардагерлерге арнайы сыйлықтар табысталды.

Ізгі шараның шымылдығы елордадағы Ұлттық мұражайда ашылған болатын.

Енді Жеңістің 70 жылдығына орай ұйымдастырылған акцияның қорытынды концерті өтпек.

Бүгін «Қазмедиа орталығы» концерт залында өтетін салтанатты кешке эстрада жұлдыздары қатысады. Басталу уақыты: 19:00. Кіру тегін.