ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҮШІНШІ ЖАҢҒЫРУЫ: ЖАҺАНДЫҚ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІК
×

Warning

JUser: :_load: Unable to load user with ID: 73

«Хабар» агенттігі майдангер Сұлтан Мұхамеджановты құттықтады

«Хабар» агенттігі майдангер Сұлтан Мұхамеджановты құттықтады

Солтүстік Қазақстандағы түсіру тобымыз «Жеңіске құрмет!» шарасы аясында «Хабар» агенттігінің атынан Ұлы Отан соғысының ардагері Сұлтан Мұхамеджановты құттықтап қайтты. Қарт майдангер сұрапыл жылдары жаяу әскер қатарында Украина, Молдова, Румыния, Болгария, Югославия елдерін азат ету ұрыстарына қатысқан.

Сұлтан Мұхамеджанов тоқсанның төріне шықса да, тың. Салауатты өмір салтын ұстанған қария күніне бір рет клубқа барып, шахмат, дойбы ойнап қайтады.

Сұлтан Мұхамеджанов, Ұлы Отан соғысының ардагері

-Екіде жиналамыз. Сағат бесте кетеміз. Үш сағат осында отырамыз. Демалғандай қандай бұл? Бұл демалыс бізге үлкен дүние ғой, дүние.

Ел басына күн туғанда қолына қару алған 19 жасар бозбала жаяу әскер сапында соғысты. Кезекті шайқастардың бірінде сардарларынан айырылған сарбаздар тізгінді Сұлтанға ұстатады. 

Жас жігіт жағдайды өз қолына алып, тегеурінде танкілерімен төніп келе жатқан немістерге тойтарыс беріп, ерлігімен көзге түскен.

Сұлтан Мұхамеджанов, Ұлы Отан соғысының ардагері

-Бәріміз окоптан тірідей тұрып, лақтырдық. Қайсынікі тиді, Ивандікі ма, Сидірдікі ма, әйтеуір 2 танкіні жандырдық. Содан немістің пехотасы кейін қайтты. Біз шабуылға шықтық.

Сталинград қаласын азат етуге қатысқан жауынгер кейіннен Украина, Молдова, Румыния, Болгария, Югославия елдерін басып, Австрия – Венгрия шекарасына дейін жаяу жеткен. Жолда 4 рет оққа ұшып, ауыр жарақаттар алды. Қарт майдангер: «соғыста 3 – ақ нәрседен қорқықтым», - дейді.

Сұлтан Мұхамеджанов, Ұлы Отан соғысының ардагері

-Төбелеске кездеспесем екен дедім. Онымен кездескем жоқ. Өйткені мен кішкентаймын, олар ұзын. Екінші позиция - судан өту. Малту білмеймін. Біздің ауылда, елімізде су жоқ. Үшінші - тұтқынға түспеу болған еді. 

Жеңіс күніне жеткен жауынгер соғыстан кейін Гитлердің Берлиндегі кеңсесін күзеткен. Ал елге оралған соң, қаржы саласында еңбек етті. Қазір сол бейнеттің зейнетін көріп отыр.  

Авторлары: Айдарбек Айтмұхамбетұлы, Төлеген Иманов, Руслан Әлиев, Дмитрий Рура