×

Warning

JUser: :_load: Unable to load user with ID: 144
+7 (7172) 757 540
astananews@khabar.kz

Алматыда ҰОС ардагері Сейітхан Исаевпен кездесу өтті

Алматыда ҰОС ардагері Сейітхан Исаевпен кездесу өтті

Алматыдағы Тұңғыш Президент қорында ұлағатты ұстаз, Ұлы Отан соғысының ардагері Сейітхан Исаевпен кездесу өтті.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа сабақ берген Сейітхан ата биыл 100-ге келеді. Ғасыр жасаған ұстаз әскер қатарына 1941 жылы алынып, Батыс фронтта жауға қарсы соғысқан. Зайыбы Нұрғайын әжей де қан майданға қатысқан. У-2 ұшағында штурман болыпты. Соғыстан кейінгі өмірін майдангер шәкірт тәрбиелеуге арнаған.

Сейітхан Исаев, Ұлы Отан соғысының ардагері: 

- Жастарымыз білімді, өнерлі, саясаткер, еліміздің дәстүрін, жерін, халқын, тарихын таныстыратын белсенді күрескер болса екен деп армандаймын.