ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҮШІНШІ ЖАҢҒЫРУЫ: ЖАҺАНДЫҚ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІК
×

Warning

JUser: :_load: Unable to load user with ID: 94

Солтүстік Қазақстан облысында Жеңіс күнін 159 соғыс ардагері қарсы алды

Солтүстік Қазақстан облысында Жеңіс күнін 159 соғыс ардагері қарсы алды

Отан үшін от кешкен қарт жауынгерлер салтанатты шараға қатысып, құрмет-қошеметке бөленді. Жергілікті жұрт қанды қырғында қаза тапқандарды да еске алып, «Мәңгілік алауға» гүл қойды. 

1941 жылдың 22 маусымында фашистік Германия тұтқиылдан шабуыл жасағанда әрбір үшінші солтүстікқазақстандық қолына қару алды. 

Қан майданда қасық қаны қалғанша жан алысып, жан беріскен жауынгерлердің жартысына жуығы жермен жексен болып, елге оралмады. Ер есімі, қашанда ел есінде. «Мәңгілік алау» маңына жиналған жұрт сұрапұл соғыста қаза тапқан боздақтарды еске алып, гүл қойды. Ерліктеріне тағзым етті. 

Отан үшін от кешкен қарт жауынгерлерге қанша құрмет көрсетсек те артық етпейді. Қала көшелерімен Ұлттық Ұланның сарбаздары жүріп, оларды Жеңістің жазулары жазылған көліктер керуіне жалғады. Жеңіс күнін 159 солтүстікқазақстандық ардагер осылай қарсы алды. Олардың ең егдесі 102-де. 

Жеңіс күнін жақындатуға еңбек ардагерлері де үлес қосты. Солтүстік Қазақстан облысында тылда тынбай тер төккен 9 мыңнан астам адам тұрады. Жеңіс күніне арналған іс-шаралар кешке дейін жалғасып, мерекелік отшашумен аяқталады.