Қызылордада Ұлы Жеңістің 72 жылдығы аталып өтті - "Хабар" телеарнасы
ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҮШІНШІ ЖАҢҒЫРУЫ: ЖАҺАНДЫҚ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІК

Қызылордада Ұлы Жеңістің 72 жылдығы аталып өтті

  • Сейсенбі, 09 Мамыр 2017 15:31
Қызылордада Ұлы Жеңістің 72 жылдығы аталып өтті Фото: inform.kz

9 мамыр күні Қызылордада Ұлы Жеңістің 72 жылдығына арналған митинг өтті. Мерекелік шара жыл сайынғы дәстүрге сәйкес Қызылорданың орталық көшелерімен жүріп өтетін «Жаужүрек полкі» шеруімен басталды.  

Шеруге қатысушылар Екінші Дүниежүзілік соғыс пен Ауған соғысында қаза тапқандардың, сондай-ақ Отанға оралғаннан кейін дүниеден өткен боздақтардың  фото суреттерін алып жүрді. Облыс әкімі Қырымбек Көшербаев және өзге де қатысушылар «Мәңгілік алау» мемориалына гүлшоқтарын қойып, соғыста қаза тапқандарды бір минут үнсіздікпен еске алды. 

«Жеңістің 72 жылдығын тойлай отырып, біз оның қандай қиындықтармен келгендігін ешқашан естен шығармауымыз керек. Біз соғыс даласында көз жұмғандар мен осы күнді аңсап кеткендерге тиісті құрмет көрсетеміз. 72 жылдықты тойлай отырып, соғыс даласында жанқиярлықпен ерлік көрсеткен, тылда, зауыт, колхоз, ферма мен ғылыми зертханаларда аянбай еңбек еткендердің рухына басымызды иеміз», – деді облыс әкімі.  Шара соңында соғыс, тыл және еңбек ардагерлеріне  арнайы тігілген  шатырларда солдат ботқасынан дәм ұсынылды.   

inform.kz

 
Система Orphus Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

Қазақстан және әлем жаңалықтары

Календарь

Әлеуметтік желілер

  1. TW
  2. FB
  3. BK

Приложение Хабар для iOS Приложение Хабар для Андроид

Хабар 24 Телеканал Kazakh TV  Телеканал ЕЛАРНА

яндекс.ћетрика

 Тумар EXPO 2017 Акорда Электронное правительство Казахстана

© 2017 «Хабар» агенттігі. Барлық құқықтары қорғалған.