Хабар телеарнасы

Қызылордалықтар батырлардың рухына тағзым етті

Батырлардың рухына тағзым етіп, соғыста шейіт болған боздақтарды 1 минут үнсіздікпен еске алды. Сыр өңірінен 150 мың сарбаз қан майданда шайқасты. Солардың жартысынан астамына туған жердің топырағы бұйырмады. Аға буын өкілдері зұлматты жылдар естелігін жастарға тебірене әңгімелеп берді.

Алмат Әбдірайымов, тыл ардагері:

- Жалғыз КТЗ деген трактор болды. Соның тракторшысына біз иінағашпен су, май тасып бердік. Шешем колхозда жұмыс істеді. Әкеміз соғыста қайтыс болды. Еліміз аман, жұрт тыныштығының арқасында осындай жағдайға келіп тұрмыз.