×

Warning

JUser: :_load: Unable to load user with ID: 152

Қоғам

Павлодарда мемлекеттік қызметкерлерге сыйлық алуға тыйым салынды

Павлодарда мемлекеттік қызметкерлерге сыйлық алуға тыйым салынды

Павлодарда ерекше акция бастау алды.

Оның мақсаты – мемлекеттік қызметкерлерге сыйлық алуға қатаң тыйым салынғанын ескерту. Егер де оған жол берілген болса, кінәлілер жұмыстан шығарылып, сыйлықты берген жақ жауапқа тартылады. Мемлекеттік қызметкерлердің жұмыс кабинеттерін аралаған тексерушілер отыздан астам бағалы сыйлықтарды тәркіледі. Бұл – қоғам белсенділерімен мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттіктің мамандары қолға алған алғашқы акция. Алғашқылардың бірі болып бағалы сыйлықтарды ерікті түрде әділет департаменті, білім беру бөлімі, сәулет және қалалық кәсіпкерлік бөлімі мен Павлодар қаласының әкімдігі тапсырды. Сыйлықтардың бәрі мемлекеттік кірістер және жекешелендіру департаментінде сақталады.

Ермұхамед Әбіш, облыстық мемлекеттік кірістер және жекешелендіру департаментінің бөлім басшысы:

– Алынған заттарды тәуелсіз сарапшылар бағалап, электронды саудаға шығару үшін мемлекеттік реестр порталына қояды. Кез келген қатысушы оларды сатып алуға құқылы. Биыл алғаш рет желтоқсанның жиырма сегізінде алғашқы сауда жүргізілді.Бірақ сатылымға қойылған екі сыйлық та өткен жоқ. Енді құны төмендетіліп, қайтадан сатылады.