×

Warning

JUser: :_load: Unable to load user with ID: 154
JUser: :_load: Unable to load user with ID: 143

Қоғам

Оралда «Қауіпсіз мектеп» жобасы жүзеге асырылып жатыр

Оралда «Қауіпсіз мектеп» жобасы жүзеге асырылып жатыр

Орал шаһарында «Сандық Қазақстан» бағдарламасы аясында «Қауіпсіз мектеп» жобасы жүзеге асуда.

Жобаға сәйкес құқық бұзушылық көп тіркелген аудандардағы 5 мектепке арнайы турникеттер орнатылды. Осы арқылы бөгде тұлғалардың білім ордасының аумағына еркін енуіне тосқауыл қойылды. Ал чипті картаға ие оқушылар мен мұғалімдердің қозғалысы компьютерде тіркеледі. «Бұл оқу орнындағы тәртіптің нығайып, білім үлгерімінің артуына оң әсер етеді», – дейді мамандар.

Келешекте қалған мектептер де мұндай қондырғылармен қамтылмақ. Сондай-ақ жоба бойынша былтыр барлық білім беру нысаны мен балабақшаға 1 700-дей бейнебақылау құралдары қойылды. Аталған мақсатқа қала қазынасынан 62 млн теңге қаралған.

Жансұлу Төремұратова, Орал қалалық білім беру бөлімінің басшысы:

- Әрине, бұл қауіпсіздік, құқық бұзушылықтың алдын алудың бірден-бір жақсы шарты деп айтуға болады. Өйткені қазіргі динамика, мониторинг бойынша мектептегі ішкі ұрлық дейміз,  балалардың бір-біріне басымдық көрсетуі жойылды деп айтса да болады.