07:00 Әрі қарай эфирде: ҚР Әнұраны
×

Warning

JUser: :_load: Unable to load user with ID: 138
+7 (7172) 757 540
astananews@khabar.kz

Астанадағы ақтүтек боранның зардабы анықталып жатыр

Астанадағы ақтүтек боранның зардабы анықталып жатыр

Астанадағы кешегі алапат боран шаһарға біраз шығын әкелді. Атап айтқанда, 26 тұрғын үй мен 4 мектеп, 3 балабақшаның ғимаратына зақым келді. Бұл туралы Астана қаласы әкімінің баспасөз хатшысы Эльвира Жүргенбаева жеткізді. Сонымен қатар Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің шатыры жартылай ұшып кеткен.

Қазір шығындардың орнын толтыру жұмыстары жүріп жатыр. Мұнан бөлек елордадағы 16 аялдама бүлініп, ақтүтектің күштілігінен 131 бағдаршам орнынан қозғалып кеткен. Келтірілген шығындардың нақты көлемі мен сомасы әлі белгісіз. Бораннан материалдық шығын көрген қала тұрғындары өздеріне қарасты әкімдіктерге шығын туралы шағым түсіре алады.

Эльвира Жүргенбаева, Астана қаласы әкімінің баспасөз хатшысы:

- Алгоритм бойынша төтенше жағдай болғаннан кейін әкімдікте арнайы комиссия құрылады. Кеткен шығынды сол комиссия қарастырады. Бұл сұрақтар қойылады. Сол кезде арнайы шешім шығады. Оны таныстыратын боламыз.

Астанада соққан кешегі боран салдарынан қаланың екі тұрғынының денсаулығына зиян келді. Бірінің жағдайы өте ауыр, жабық бас сүйек-ми жарақатымен жеткізілген 1966 жылғы азаматқа операция жасалған. Қазір ол жансақтау бөлімінде жатыр. Бұл туралы Астана қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Камалжан Надыров мәлімдеді.

Оның айтуынша, екінші пациенттің басына ғимараттың сыртқы қаптамасы құлап кеткен. Жалпы өткен тәулікте елордалық дәрігерлердің көмегіне 39 адам жүгінген. Ал полиция қызметкерлері қар құрсауынан шамамен 70 көлікті шығарып, 17 адамды қауіпсіз жерге шығарыпты.