Мәжіліс депутаттарының Атырау облысына жұмыс сапары қорытындыланды

Мәжіліс депутаттарының Атырау облысына жұмыс сапары қорытындыланды

Парламент Мәжілісінің депутаттары Атырау облысындағы жұмыс сапарын қорытындылады.

Олар 3-12 қаңтар аралығында мұнайлы өңірдің халқымен жүздесіп, жергілікті кәсіпорындарда болды. Өндірісті өлкеде қазір мемлекеттік бағдарламалардың көмегімен ондаған жаңа жоба құрылысы жүріп жатыр. Отандық және шетелдік инвесторларға қолайлы климат қалыптастырылған. Мәжіліс депутаттары аймақтағы өндіріс орталықтарындағы жұмысшылардың ұсыныс-тілектерін тыңдап, көкейкесті мәселелерді үкіметтік деңгейде шешуге атсалысатындықтарын жеткізді.  

Бақытгүл Хаменова,  ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Біздер ел-елді, аудан-ауданды аралап, өңірлерді аралағанымызда халықтың түрлі мәселелерімен танысып қайттық. Жасалып, атқарылып жатқан шаруа шаш етектен. Халықтың әлеуметтік жағдайының жақсарғандығы, халықтың бүгінгі таңдағы сұраныстарының өзгергендігіне куә болдық. Бірақ әлі де күрмеуі қиын мәселелер жетерлік. Басты мәселе Елбасының жолдаған Жолдауын насихаттай отырып, сол Жолдаудың аудандарда атқарылып жатқан істермен байланыстылығын көрдік.