07:00 Әрі қарай эфирде: ҚР Әнұраны
×

Warning

JUser: :_load: Unable to load user with ID: 138
+7 (7172) 757 540
astananews@khabar.kz

Алматыда ҚР Президенті Н.Назарбаевтың АҚШ-қа жасаған ресми сапарлары туралы фотокөрме ашылды

Алматыда ҚР Президенті Н.Назарбаевтың АҚШ-қа жасаған ресми сапарлары туралы фотокөрме ашылды Н.Назарбаевтың БҰҰ Бас Ассамблеясы 62-сессиясы пленарлы отырысында сөз сөйлеген сәті. 23.09.2007 ж.

Алматыда Нұрсұлтан Назарбаевтың АҚШ-қа жасаған ресми сапарлары жөнінде арнайы көрме ашылды.

«Қазақстан және АҚШ: жасампаздық жолындағы ынтымақтастық» деп аталатын құжаттамалық фотокөрмеге екі ел арасындағы мәдени-экономикалық байланысты айғақтайтын деректер қойылған. Бірінші бөлімде АҚШ-тың экс-президенті Джордж Буштың Қазақстанды тәуелсіз ел тану жөніндегі ресми хаты, екі жақты келіссөздер барысында түсірілген суреттер қойылған. Ал көрменің екінші бөлімі «Қазақстан халықаралық аренада» деп аталған. Онда еліміздің Біріккен Ұлттар Ұйымындағы мәртебесі, әлемдік саясаттағы орны жайлы дәйектер жинақталған. Көрмеге АҚШ-тың Алматыдағы консулы мен БҰҰ-ның өкілі қатысып, өз пікірлерін білдірді.

«1991 жылы 25 желтоқсан күні АҚШ президенті Джорж Буштың Қазақстанның тәуелсіздігін АҚШ-тың танитындығын мойындағаны туралы хаттың көшірмесі қойылып отыр. Ол хаттың түпнұсқасы президент архивінде мемлекеттік сақтауда тұр», – дейді ҚР Президенті мұрағатының директоры Борис Жапаров.