Елімізде қолайсыз ауа райына байланысты дәрігерлік көмекке жүгінгендер саны артты

Елімізде қолайсыз ауа райына байланысты дәрігерлік көмекке жүгінгендер саны артты

Қазақстанда қолайсыз ауа райына байланысты 30 адам қауіпсіз жерге эвакуацияланды.

ТЖК ресми өкілі Руслан Иманқұловтың айтуынша, қарлы боран республика жолдарындағы қозғалысты айтарлықтай қиындатқан. Мұндай ауа райы дәрігерлер мен құтқарушыларға түсетін ауыртпалықты арттырған. Медициналық көмек сұрап, жүгінгендердің саны күрт артты.

«Өткен тәуліктерде Апаттар медицинасы орталығы филиалдарының шұғыл әрекет бригадалары 30 адамды қауіпсіз жерге көшірді, соның бесеуі бала, сондай-ақ үш адам ауруханаға жатқызылды», - дейді Р. Иманқұлов.

Атап айтсақ, жедел қызметке Аршалы күре жолының 42-разъезінде күзет бекетінде бір адам үсіп қалғаны туралы хабар келген. Шұғыл жеткен бригада оны жылы жерге көшірген. Астана-Қарағанды күре жолындағы Қызылсуат ауылынан 9 адам, соның ішінде 5 бала, бір жүкті әйел қауіпсіз жерге көшірілді. Сегізі туыстарының үйіне жеткізілсе, жүкті әйел №1 перинаталды орталыққа жатқызылды.

ҚР ТЖК