07:00 Әрі қарай эфирде: ҚР Әнұраны
×

Warning

JUser: :_load: Unable to load user with ID: 154
JUser: :_load: Unable to load user with ID: 135
JUser: :_load: Unable to load user with ID: 152
+7 (7172) 757 540
astananews@khabar.kz

Оралда балауыз мүсіндер көрмесі ашылды

Оралда балауыз мүсіндер көрмесі ашылды

Облыстық тарихи-өлкетану музейіне келушілер белгілі саясаткерлер мен тарихи тұлғалардың және әйгілі актерлердің бейнелерін тамашалай алады.

Сонымен қатар түрлі мультфильмдер мен ертегі әлемінің кейіпкерлері де қойылған. Ресейдің Санкт-Петербург қаласынан келген көрме балаларды ғана емес, ересектерді де ерекше таңқалдырды. 40-қа жуық экспонаттың қатарында Майк Тайсон мен Пеле сынды танымал спортшылар, сондай-ақ «Сақиналар әміршісі», «Аватар», «Жұлдызды соғыстар» секілді үздік кинотуындыларының кейіпкерлері де бар.

Балауыз мүсіндер тарихы XVII ғасырдан бастау алады. Сол кезеңде Еуропада алғаш рет монархтардың мүсіндерін жасау сәнге айналған екен. Ал Тюссо ханымның әйгілі музейі Лондонда XIX ғасырдың ортасында ашылған.