Алматыдан түні бойы 4691 текше метр қар шығарылды

Алматыдан түні бойы 4691 текше метр қар шығарылды Фото: Алматы-ақшамы

Алматы коммуналдық қызметтері түні бойы жауған қарды тазалаумен айналысты.

Қалалық әкімдіктің баспасөз қызметінің хабарлауынша, жауған қардың биіктігі қалада 6 см, таулы жерлерде 10 см дейін жетті. Қаңтардың 13-інен 14-іне қараған түні 4691 текше метр қар шығарылды. Түнгі уақытта жолдарға мұз ерітетін 2800 тонна қоспа себілді. Қар тазалау жұмыстарына түнде 534 арнайы техника, 2213 адам жұмылдырылды. Күндіз қосымша 603 техника шықты.

«Казгидромет» РМК болжауынша, қар 16 қаңтарға дейін жауады. Аудандық әкімдіктерде қар тазалау жөніндегі жұмыстарды бақылау бойынша тәуліктік кезекшілік ұйымдастырылатын болды.

Ақпарат көзі: ҚазАқпарат