Еліміздің бірқатар аумағында ауа температурасы минус 45 градусқа дейін төмендейді

Еліміздің бірқатар аумағында ауа температурасы минус 45 градусқа дейін төмендейді

Кей облыс тұрғындарына ескерту хабарламасы жіберілді.

Мәселен, қаңтардың 22-26 аралығында Ақмола, Павлодар, Қарағанды, Солтүстік және Шығыс Қазақстан облыстарында қатты аяз болады. Түнде сынап бағанасы минус 35-тен -40-қа дейін жетуі мүмкін. Кей өңірлерде қаңтардың 24-інен екі күн бойы қатты аяз тұруы ықтимал. Қостанай облысында да қатты аяз болып, минус 38-ге дейін жетеді. Ал Астанада қаңтардың 23-26 аралығында түнде минус 40, ал күндіз минус 32 градус болуы мүмкін. Қазгидромет мамандары хабарламаларға мән беруді ескертеді. Өйткені соңғы 10 күнде ауа температурасы жылдық нормадан төмен болады.