×

Warning

JUser: :_load: Unable to load user with ID: 152
+7 (7172) 757 540
astananews@khabar.kz

ШЫҰ Хатшылығында Қазақстан Президенті Жолдауының негізгі бағыттары талқыланды

ШЫҰ Хатшылығында Қазақстан Президенті Жолдауының негізгі бағыттары талқыланды

Қазақстанның ҚХР-дағы Елшісі Шахрат Нұрышев Шанхай ынтымақтастық ұйымы Хатшылығының Бас хатшысы Рашид Алимовпен кездесті.

Кездесудің күн тәртібінің негізгі мәселесі Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Жолдауының негізгібағыттарын талқылау болды.

Отандық дипломат сұхбаттасын құжаттың мазмұнымен таныстырып, ондағы экономиканың түрлі салаларын цифрландыру, жаңа технологияларды тарту, дамыту және енгізу, адами капиталдың сапасын арттыру және мемлекеттік басқарудың тиімділігі, заңның үстемдігін қамтамасыз ету және жемқорлықпен күрес бойынша қойылған міндеттерге ерекше көңіл бөлді. Ол ШЫҰ шеңберінде инновациялық технологиялар, жаңартылмалы және баламалы энергия, ауыл шаруашылық кооперациялану, көліктік-логистикалық инфрақұрылымды тиімді пайдалануды арттыру салаларындағы ынтымақтастықты ілгерілетуге үміт білдірді.

Бас хатшы «Қазақстан Президентінің Жолдауын әрдайым қызығушылықпен оқимын, себебі Нұрсұлтан Әбішұлы сирек көрегендікке ие және әрдайым екі қадам алға ойлайды. Тәуелсіз Қазақстанның барлық жетістіктері мемлекет Президентінің атымен тығыз байланысты», – деп атап өтті.

Сонымен қатар, ағымдағы жылы Қытай аумағында өтетін ШЫҰ-ның алдағы негізгі іс-шараларына, соның ішінде Мемлекет басшылары кеңесінің, Сыртқы істер министрлері кеңесінің отырыстарына, Қауіпсіздік Кеңесі хатшыларының кездесулеріне, қорғаныс, мәдениет және т.б. министрлерінің отырыстарына дайындық барысы туралы пікір алмасулар өтті.

Бұдан өзге, Р. Алимов Астана қаласында өткен ШЫҰ Саммитінің нәтижелеріне және Қазақстанның ШЫҰ-дағы төрағалық шеңберіндегі іс-шараларға жоғары баға берді.

Анықтама: 2016-2017 жылдары. Қазақстан Шанхай ынтымақтастық ұйымында төрағалық етті, оның негізгі нәтижелері. 8-9 маусымда Астана қаласында ШЫҰ Саммиті болды. Іс-шара шеңберінде Үндістан мен Пәкістан Ұйымның толық құқылы мүшесі ретінде ұйымның қатарына қабылданды. Бұл ШЫҰ тарихындағы ресми кеңеюінің алғашқы қадамы. Сонымен бірге, бірқатар құжаттарға, соның ішінде ШЫҰ-ға мүше мемлекет басшыларының Астаналық декларациясына, ШЫҰ-ның экстремизмге қарсы әрекет жасау туралы конвенциясына, ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшыларының халықаралық терроризмге бірлесіп қарсы әрекет жасау туралы мәлімдемесіне қол қойылды.

Ақпарат көзі: mfa.kz