Бақытжан Сағынтаев жылу қазандықтарының жұмысын мұқият қадағалауды тапсырды

Бақытжан Сағынтаев жылу қазандықтарының жұмысын мұқият қадағалауды тапсырды фото: kapital.kz

Үкімет отырысы барысында ҚР Премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев елдің солтүстік өңірін қыспаққа алған аязға байланысты министрлерге бірқатар тапсырма жүктеді.

Қазіргі таңда 6 облыста сынап бағанасы -30, -40 градусқа дейін төмендеген. Осыған орай Үкімет басшысы қызметкерлерді жұмыстан уақытылы босатуды және құқық қорғау органдары мен төтенше жағдайлар қызметін күшейтілген тәртіпте қызмет етуді міндеттеді. Бұдан бөлек, жылу қазандықтарының жұмысын мұқият қадағалауды тапсырды.