07:00 Әрі қарай эфирде: ҚР Әнұраны
×

Warning

JUser: :_load: Unable to load user with ID: 154
+7 (7172) 757 540
astananews@khabar.kz

Астанадан шығатын тасжолдар дизель отынымен жүретін көліктер үшін жабылды

Астанадан шығатын тасжолдар дизель отынымен жүретін көліктер үшін жабылды

«Сақтансаң сақтаймын» демекші, төтенше жағдайдың алдын алу мақсатында Астанадан шығатын тасжолдар дизель отынымен жүретін көліктер үшін жабылды.

Мектептерде де кешелі-бері сабақ жоқ

Бірлік Берікұлы, тілші:

– Жалпы Астана қаласына күніне кіріп шығатын көліктердің саны 70000-дай. Тек осы Астана Қарағанды тасжолында күніне 4000 транспорт қатынайды екен. Олардың 3000ы жеңіл көлік болса, 1 мыңы – жүк көліктері. Барлығы бақылауда. Құқық қорғау қызметкерлері алыс жолға жүруге жарамайтын жүк көліктерін тоқтатып, ауа райының жылынғанын күтіп отыр.

Айтбек Ыбырай, жүргізуші:

Ал осындай қақаған аязда шопырлардың ыстық шай ішіп, жылынып алуларына да барлық мүмкіндік жасалған.

Айбек Нартбаев, взвод командирі:

Ырық бермей тұрған ызғарлы аязды ескеретін болсақ, жүк көліктері біраз тұрып қалуы мүмкін. Сондықтан даладағы желдің екпіні баяуласа, дизельдік отынмен жүретін көліктер біртіндеп жолға шықпақшы.

Авторлары: Бірлік Берікұлы. Даурен Жұрқабаев