13:00 Әрі қарай эфирде: Новости
×

Warning

JUser: :_load: Unable to load user with ID: 138
JUser: :_load: Unable to load user with ID: 152
+7 (7172) 757 540
astananews@khabar.kz

Назарбаев орталығында Жолдауға арналған дөңгелек үстел өтті

Назарбаев орталығында Жолдауға арналған дөңгелек үстел өтті

Еліміз жақын болашақта әлемнің экономикасы қарқынды дамыған ірі державаларымен қатар тұруды көздейді.

«Төртінші өнеркәсіптік революция» бұл Қазақстанның межелі мақсаты. Елбасының Жолдауы бүгінде еліміздің әр түкпірінде талқыланып, бұқарадан қолдау тауып жатыр. Мәселен, Назарбаев орталығында Жолдаудың жай-жапсарын жіті талқылау үшін дөңгелек үстел өтті. Онда алға қойған міндеттерді іске асыру барысындағы сын-тегеуріндерге, қауіптер мен мүмкіндіктерге талдау жасалды. Жиынға қатысушылар экономикаға, әлеуметтік салаға цифрлық технологияларды енгізудің қажеттігін атап өтті.

Айжан Мұқышбаева, әлемдік экономика және саясат институтының сарапшысы:

-Елбасы Жолдауында 4-өнеркәсіптік революцияға басты мән берілген. Қазіргі өнеркәсіп орындарын қарастырсақ, олардың басым бөлігі екінші өнеркәсіптік революция жағдайында тұр. Мысалы, қазір Германия, АҚШ төртінші өнеркәсіптік революцияны өз өндіріс орындарына жедел енгізіп жатыр. Себебі біз сол революция технологияларын енгізетін болсақ ұтарымыз көп болады.