Қоғам

Теміртау қаласындағы қара қардың пайда болу себебі анықталды

Теміртау қаласындағы қара қардың пайда болу себебі анықталды

Теміртауда осыдан он шақты күн бұрын пайда болған қара қардың себебі анықталды.

«Бұл құбылыс қолайсыз ауа райы мен қала маңындағы кәсіпорын мұржаларынан шыққан өндіріс қалдықтарынан болған», – дейді сарапшылар. 10 күн бойы ауаның ластануына байланысты зерттеу жұмыстарын жүргізген арнайы жұмыс тобының құрамына эколог, синоптик, тәуелсіз сарапшылар мен прокурорлар кірген. Сараптама нәтижесі көрсеткендей, қардың құрамында көміртек, темір мен балқыған металдан ұшқан құрамның бар екендігі белгілі болды.

Жұмыс тобы ауаның 77 пайызын металлургиялық комбинат ластағанын айтып отыр. Аталмыш кәсіпорын жылына ауаға 200 мың тонна өндіріс қалдығын шығарады екен. Қазір қаланың экологиялық жағдайын жақсарту жоспары қолға алынды.

Ғани Сәдібеков, ҚР Энергетика вице-министрі:

- Енді ауаға залал келтіретін барлық кәсіпорын, яғни атмосфераның метеожағдайларына байланысты ауаға келтірілетін залалды азайту тәртібіне көшулері тиіс. Біз өз кезегімізде бұл тәртіпті қатаң қадағалайтын боламыз.