×

Warning

JUser: :_load: Unable to load user with ID: 154

Қоғам

Оралда көлік жүргізу құқынан айырылғандар автобус тізгіндеп жүр

Оралда көлік жүргізу құқынан айырылғандар автобус тізгіндеп жүр

Орал қаласында өтіп жатқан «Автобус» жедел алдын алу шарасының алғашқы нәтижелері көңіл көншітерлік емес.

Тек соңғы 3 күннің ішінде жол полицейлері қоғамдық көліктердің 230 мәрте ереже бұзғанын анықтады. Тәртіпке бағынбайтындар негізінен, қалаішілік бағыттарда қатынайтын көлік жүргізушілері болып шықты.

67 жағдайда олар жолдағы қозғалыс қағидасын сақтамаса, тағы осыншасы рөлде келе жатып телефонды пайдаланған. Тұлпарын техникалық байқаудан өткізбегендері мен жылдамдықты асырғандар да аз емес. Ал екі жүргізушінің тіпті тиісті куәлігі жоқ болып шыққан. Өз қызметкерлерін қажетті құжатсыз желіге жіберген автопарк басшылары әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Миржан Баймұқашев, БҚО ІІД ЖПҚ аға инспекторы:

– Тексере келгенде белгілі болғандай, жүргізушілердің бірінің көлік жүргізуге мүлде құқы жоқ болып шықты. Себебі соның алдында Орал қалалық әкімшілік соты оны мас күйінде рөлге отырғаны үшін жазалаған. Ал екіншісі өз куәлігін үйде ұмытып кеткен. «Автобус» жедел алдын алу шарасы ақпанның 18-не дейін жалғаспақ.