×

Warning

JUser: :_load: Unable to load user with ID: 154

Қоғам

«Тәуелсіздік дәуірі» кітабын жоғарғы оқу орындарында оқыту ұсынылды

«Тәуелсіздік дәуірі» кітабын жоғарғы оқу орындарында оқыту ұсынылды

Елбасының «Тәуелсіздік дәуірі» кітабын жоғарғы оқу орындарында оқыту қажет.

Оның мазмұнымен танысып шыққан зиялы қауым өкілдері осындай ұсыныс білдіруде.

Бұл туралы «Егемен Қазақстан» газетінде өткен дөгелек үстелде айтылды. Қоғам қайраткерлері, әдебиетшілер мен тархшылар аталмыш басылым бетінде Президент еңбегіне қатысты ойларын тұрақты түрде жариялап жүр.

Бүгінге дейін 50 тарта мақала жарық көріпті. Бүгінгі жиын сол ақпараттық жұмыстарды қорытындылау мақстатында ұйымдастырылған. 

Мырзатай Жолдасбеков, мемлекет және қоғам қайраткері:

– Тәуелсіздігіміздің, Қазақстанның тағылымы. Енді тәуелсіздіктің тарихын басқа жерден іздеудің керегі жоқ. Бұл кітапты барлық мектептерде, барлық жоғарғы оқу орындарында, керек болатын болса, биік кеңселерде оқыту керек.