×

Warning

JUser: :_load: Unable to load user with ID: 138

Қоғам

ОҚО-да көмір бағасын негізсіз көтерген компаниялар айыппұл төлейді

ОҚО-да көмір бағасын негізсіз көтерген компаниялар айыппұл төлейді

Оңтүстік Қазақстан облысында көмір сатумен айналысатын тоғыз компания қатты отынның сатылу бағасын негізсіз көтерген.

Бұл заң бұзушылықтар Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылар құқығын қорғау комитеті өңірлік департментінің мамандары тексеру барысында анықтаған. Заңды белшесінен басқан көмірді сатушылар Шымкент пен Түркістан қаласында, Арыс ауданындағы базаларда көмір құнын 20 мыңнан сатқан. Алайда оның нарықтағы бағасы 10-13 мың теңге  аралығында сатылуы  тиіс болған. Бағаны қолдан көтерген  кәсіпкерлер бәсекелестікке қарсы  заңбұзушылыққа жол берген. Бағаны негізсіз көтергендерге  әкімшілік құқық бұзушылық  хаттамалар толтырылып, 9 миллион теңге айыппұл салыныпты, істері  мамандандырылған әкімшілік сотқа жолданған.

Бауыржан Таштанов, Бәсекелестікті және тұтынушылар құқығын қорғау комитеті ОҚО департаменті басшысының орынбасары:

-Бұл жерде ҚР Кәсіпкерлік кодексінің 69-бабына сәйкес бағаны ұстап тұру келісімдер іс әрекетіне қатысты жалпы 13 нарық субьектісіне тергеу жүргізілді. Оның ішінде 9 нарық субьектісіне монополияға қарсы заңнамасын бұзушылық белгілері анықталып, қазіргі таңда ол бойынша іс материалдар соттың қарауына жолданған болатын.