×

Warning

JUser: :_load: Unable to load user with ID: 138

Қоғам

Елімізде мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстардың іске асуын қадағалау күшейеді

Елімізде мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстардың іске асуын қадағалау күшейеді

Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстардың іске асуын қадағалау күшейеді. Ал оның орындалуын бағалауға халық та қатысатын болады.

Мәжіліс депутаттары коммерциялық емес ұйымдардың қызметі туралы заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады. Құжатқа «бағалау» деген жаңа түсінік енді. Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаев «әр әлеуметтік жоба ақшаны игеру үшін ғана емес, әлеуметтік проблеманы шешу үшін жұмыс істеуі тиіс» деді. Ол әлеуметтік жобаның тиімділігін бағалайтын бірнеше белгіні атады. Егер әлеуметтік жоба өз-өзін ақтамаса – үкіметтік емес ұйым да, тапсырыс беруші де конкурстардан шеттетіледі. Бүгінде елде 19 мыңға жуық үкіметтік емес ұйым тіркеліп, бұл секторға 29 мыңнан астам қазақстандық тартылған.

Кәрібай Мұсырман, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

-Үлкен қалалардағы осындай ұйымдардың деңгейі мен ауылдық жердегі үкіметтік емес ұйымдардың деңгейі арасында едәуір айырмашылық бар екені белгілі. Соған байланысты ауылдағы ҮЕҰ грантты да, әлеуметтік мемлекеттік тапсырысты да тиісті конкурстарда жеңіп ала алмай жатады. Бірақ олар да дамуы тиісті. Осыған орай менің сұрағым бар. Заң жобасында стандарттар ауылдағы ұйымдардың жұмысына қалай әсер ететін болады?

Нұрлан Ермекбаев, ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрі:

-Ауылдағы ҮЕҰ дамыту үшін негізгі ықпал ететін норма ол стандарт емес, жергілікті атқару органдарға грант тағайындау туралы құзыретті беру керек. Осы норма ықпал ететін болады. Стандарттарға келетін болсақ, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс берудің ережелерін бекітеді.