Қоғам

Астана күніне мажарлық өнерпаздар би тарту етті  

Астана күніне мажарлық өнерпаздар би тарту етті  

 

Астана күнін атап өтуге мажарлық өнерпаздар да атсалысуда. Елордаға арнайы келген венгриялық бишілер бүгін ашық аспан астындағы амфитеатрда концерт өткізіп жатыр.

Олар мажар және қазақ халқы әндерінің ырғағымен би қойылымдарын қойып, көпшілікті тәнті қылуда.

1994 жылдан бастап көптеген халықаралық фестивальда өнер көрсетіп жүрген би тобы Астананың 20 жылдығына орай арнайы қойылымдар әзірлепті. Композицияда өздерін қыпшақпыз дейтін мажарлықтар мен қазақ халқының қыл өтпес достығы көрсетіледі. 

Оңайша Мақсұмқызы, шығыстанушы:

-Жиырма сегіз адам келді. Бұл Кичкеметтің ұлттық билер ансамблі. Бұлар әдейі ресми би билейтіндер емес, халықтың ішінен өздері шыққан, 1994 жылы құрылған би ансамблі. Жыл сайын жастарды тәрбиелеп өздері жаңартып отырады. Астананың 20 жылдығы біз үшін де өте қуаныш.