Қоғам

Әлемнің танымал фотографтары Астананың 20 жылдығына тарту жасады

Әлемнің танымал фотографтары Астананың 20 жылдығына тарту жасады

Бір ай бойы Малайзия, Словакия, Германия, Түркия, Франция, Индонезия, Беларусь, Өзбекстан және Қазақстан елдерінің 12 фотоөнер шебері елордамызды суретке түсіріп, үздік еңбектерін «Нұржол» булварінде көпшілік назарына ұсынды.

Данай Пернебайұлы, қала қонағы:

-Шымкент қаласынан келіп отырмыз. Выставканы аралап шықтық. Таза суреттер. Картиналар ұнады. Осындай жерлерде картиналар көп болса екен дейміз. Жастар осыдан үлгі алса, жақсы болар еді.