Экологиялық таза әрі үнемді автобустар ел игілігіне қызмет етеді - "Хабар" телеарнасы

Экологиялық таза әрі үнемді автобустар ел игілігіне қызмет етеді

  • Дүйсенбі, 20 Ақпан 2017 23:50

Алматыдағы электрлі автобус құрастыратын зауыт қаланы қоғамдық көліктің осы түрімен қамтамасыз етуге дайын. Қытай мемлекетімен бірлесіп іске қосылған жобаның алғашқы өнімі ел назарына ұсынылды. Заманауи көліктердің экологиялық тұрғыда таза әрі үнемді екенін айта кеткен жөн. ТМД бойынша баламасы жоқ кәсіпорын жылына 1000 автобус құрастыруға қауқарлы.

Бір ай бұрын іске қосылған «Хайгер Квазар» зауыты Алматы қаласын бір жылда мың заманауи автобуспен қамтамасыз етуге дайын. Қазір кәсіпорында екі үлгідегі қоғамдық көлік құрастырылады. Электр қуатымен жүретін қоғамдық көліктер ең алдымен экологиялық таза және үнемді. Яғни сұйық отынмен жүретін автобустар 300 шақырым үшін 22 мың теңгенің жанармайын жағады. Ал Квазер автобустары аталған қашықтық үшін бар болғаны 3200 теңгенің электр қуатын пайдаланады.

Мұрат Мұсабаев, Higer Quazar зауытының бас директоры:

-Біздің автобустар электр қуатымен жүргендіктен, қоршаған ортаға, адамдарға зиян қалдықтар тастамайды. Екінші жағынан экспулатация кезінде газ және дизельмен жүретін автобустарға қарағанда жалпы есеппен айына 500 мың теңге үнемдейді. 

Зауыт Қытайдың «Хайгер» компаниясымен бірлесе жұмыс істейді. Өйткені аспан асты елі әлемдегі электрлі көліктердің 99 пайызын өндіреді. Қытайлық компания болса, біздің ғалымдардың өнертабысын жоғары бағалап, өндірісте пайдалануға келісім жасасқан. Заманауи «Хайгер Квазер» автобустары бір орталық арқылы бақыланады. Осы салада білікті маман дайындау үшін кәсіпорын іріктеуден өткен студенттерді Қытайға жіберіп, білімдерін асырмақ.

 Әмірбек Әбиев, Қ. Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ 4 курс студенті:

-Бұл Қазақстанда алғаш жасалып жатқан электро көліктердің және ірі жобалардың біріне қатысуға мүмкіншілік алғаныма қуанамын. Бұл зауытта біздің студенттер тек қана теория жүзінде ғана емес, тәжірибе жүзінде де білім алуда. 

Айта кетейік, Германия, Норвегия, Нидерланд және Франция мемлекеттері алдағы бірнеше жылда толықтай электр қуатымен жүретін көліктерге ауыспақ. Ол үшін арнайы жеңілдіктер мен мемлекеттік бағдарламалар жасалған. Өйткені заманауи технологияның қоршаған экологияға зияны жоқ.

Авторлары: Аршын Кемелжан, Сержан Жұмабаев

Система Orphus Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

Қазақстан және әлем жаңалықтары

Жаңалықтарға жазылу

Календарь

Әлеуметтік желілер

  1. TW
  2. FB
  3. BK

 

яндекс.ћетрика

    

© 2017 «Хабар» агенттігі. Барлық құқықтары қорғалған.