Қанатты металдың 2 миллион тоннасы балқытылды - "Хабар" телеарнасы
EXPO 2017 в Астане

Қанатты металдың 2 миллион тоннасы балқытылды

  • Сейсенбі, 16 Мамыр 2017 17:15

Еліміздің индустрия жүрегінде тарихи оқиға. Бүгін Ертіс өңіріндегі Қазақстан электролиз зауытының еңбек ұжымы отандық алюминийдің 2 миллионыншы тоннасын балқытып шығарды. Бұл – кәсіпорынның 10 жылдық мерейтойына тарту.

Айта кетейік, электролиз өндірісі – еліміздің Тәуелсіздік жылдары жүзеге асырылған ең ірі индустриялық жобалардың бірі. Отандық өнім лондондық металл биржасына тіркелген. Бүгінде қанатты металл халықаралық стандарттарға сай. 

Роман Романов, «Қазақстан электролиз зауыты» АҚ президенті:

-Зауытта қазақстандық қамтуды ұлғайтуға бағытталған бағдарлама жүзеге асырылуда. Оның шеңберінде біз импорттық шикізат пен алюминий өндірісіне қажет негізгі құрамдастардан бас тарттық. Бұрын қанатты металды балқытуға қажет өндірістік элементтерді Қытайдан тасымалдайтынбыз. Бүгінде қазақстандық қамтудың деңгейі 90 пайызға жетті.

Система Orphus Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

Қазақстан және әлем жаңалықтары

Жаңалықтарға жазылу

Календарь

Әлеуметтік желілер

  1. TW
  2. FB
  3. BK

Приложение Хабар для iOS Приложение Хабар для Андроид

Хабар 24 Телеканал Kazakh TV  Телеканал ЕЛАРНА

яндекс.ћетрика

 Тумар EXPO 2017 Акорда Электронное правительство Казахстана

© 2017 «Хабар» агенттігі. Барлық құқықтары қорғалған.