14:50 Әрі қарай эфирде: «Алтын бесік» бағдарламасы
×

Warning

JUser: :_load: Unable to load user with ID: 143
JUser: :_load: Unable to load user with ID: 152
+7 (7172) 757 540
astananews@khabar.kz

Таразда «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының облыстық жеңімпаздары анықталды

Таразда «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының облыстық жеңімпаздары анықталды

Таразда «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауы облыстық кезеңінің жеңімпаздары анықталды.

Аймақ бойынша бұл сайысқа қатысуға барлығы 152 отбасы өтініш білдіріп, олардың ішінен 44-і іріктелініп алынды. Арнайы құрылған комиссияның шешімімен 4 отбасы жүлделі орындарға қол жеткізді.

Олардың ішінде Арыстанбаевтардың орны бөлек. Балалар үйінен 8 жеткіншекті қамқорлығына алып, бүгінде 11 ұл-қыз өсіріп отырған олар 1-орынды иеленді. Ал бас жүлде Талас ауданынан келген Әбілдаевтар жанұясына бұйырды. Ақтық сынға дейін жеткен отбасылардың барлығына арнайы сыйлықтар тапсырылып, жеңімпаздар байқаудың республикалық кезеңіне қатысуға мүмкіндік алды.

Іргебай Әбілдаев, байқау жеңімпазы:

– Мейірлі отбасы, жақсы адамдар, жақсы ағайлар, ата-апалар деген біздің бойымызға сіңген нәрсе, тұқым қуалап, баяғыдан келе жатқан нәрсе. Президентіміз өте жақсы ойлап тапқан мынандай күнді, сондықтан бұл күнді өмірімдегі ең жақсы күн деп санаймын.