Франция павильонында термоядролық реактор жобасы көрсетілді - "Хабар" телеарнасы
ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҮШІНШІ ЖАҢҒЫРУЫ: ЖАҺАНДЫҚ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІК

Франция павильонында термоядролық реактор жобасы көрсетілді

  • Сейсенбі, 13 Маусым 2017 17:00
Франция павильонында термоядролық реактор жобасы көрсетілді фото: sputniknews.kz

Дүние жүзіндегі ең алғашқы термоядролық реактор құрылысын салуда әлемнің 35 елі біріккені белгілі.

Ол Францияның оңтүстігінде салынып жатыр. Бүгін француздар өз павильонында тәжірибелік реактордың мүмкіндіктері туралы әңгімелеп берді. Қарапайым тілмен айтқанда, ол екінші күннің көзі секілді жұмыс істеуі тиіс.

Индира Жылқайдарова,тілші:

Француздар гидроэнергетиканы көп тұтынады, яғни судан электр қуатын көп өндіреді, тіпті экспорттайды. Франция жел электр станцияларының құрылысы және жел энергиясын алу бойынша Еуропа елдері ішінде екінші орынға шықты. Фотовольттық жүйе арқылы да қуат өндіреді. Франция 2030 жылға таман баламалы қуат көзінің үлесін 32 пайызға жеткізуді көздеп отыр.

Әзірге бұл елде жаңартылатын энергия көлемі 15 пайыздан асады. Аумағы кең павильонда термоядролық реактор жобасы көрсетілген. Халықаралық жоба құрылысын Франция 2025 жылы аяқтауы тиіс. Табиғатта күннің көзі мен жұлдыздарда болатын процесті, яғни атом ядроларының бір-біріне қосылуын реактор жүзеге асырса, сарқылмайтын энергия көзі пайда болмақ. Онда 750 грамм ғана дейтерия 10 мың тонна көмірден алынатын энергияны беруге қауқарлы.

Паскаль Лоро, Франция павильонының бас комиссары:

– Павильонда ірі мұнай компаниялары, баламалы энергия өндіретін кәсіпорындардың стартаптары, ғылыми инновациялар ұсынылады. Біз күн, су энергиясынан бөлек биоэнергетикаға да көңіл бөліп отырмыз. 2018 жылы арнайы зауыт салынады.

Индира Жылқайдарова,тілші:

Француздар гибридті көліктерді алғаш ойлап тапқан елдердің бірі. Көлік саласындағы баламалы энергетика үлесі 6 пайыз. Жылына 10 мыңнан астам электр қуатымен жүретін көлік шығарады екен. Көрмеге гибридті көлік те қойылыпты. Ол жанармаймен де, электр тоғымен де жүреді.

Француз елі тұрмыстық қалдықтардың бір түйірін де текке шашпай, кәдеге жаратады. Жылына 720 мың тұрмыстық қалдық қайта өңделіп, шикізатқа айналады. Қағаз, шыны, металл, пластик өнімдерін зауыттарда жағып, одан алынған жылу мен жарық 1 жылда 300 мың тұрғын үйді қамтуға мүмкіндік береді. Бөлінген газ микробалдырларды өсіруге жұмсалады екен. Қалған күлдің өзі автожолдар құрылысына пайдаланылады. Ал күн батареялары орнатылған бетон шынылар ғимараттардың құрылысына пайдаланылмақ.

Авторлары: Индира Жылқайдарова, Дәурен Жұрхабаев

Система Orphus Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

Қазақстан және әлем жаңалықтары

Календарь

Әлеуметтік желілер

  1. TW
  2. FB
  3. BK

Приложение Хабар для iOS Приложение Хабар для Андроид

Хабар 24 Телеканал Kazakh TV  Телеканал ЕЛАРНА

яндекс.ћетрика

 Тумар EXPO 2017 Акорда Электронное правительство Казахстана

© 2017 «Хабар» агенттігі. Барлық құқықтары қорғалған.