ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҮШІНШІ ЖАҢҒЫРУЫ: ЖАҺАНДЫҚ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІК
×

Warning

JUser: :_load: Unable to load user with ID: 148

Баянауыл өңірінің туризмін дамытуға екі есе көп қаржы бөлінді

Баянауыл өңірінің туризмін дамытуға екі есе көп қаржы бөлінді

Ертіс өңірінің туристік орталығы саналатын Баянауылға келушілер көбейді. Бұл – отандық туризмді дамыту үшін атқарылған ауқымды жұмыстың жемісі. Өлкеге қаражат құйып, бизнес ашуға құлықты инвесторлар жетерлік. Дені демалыс орындарын ашып, қысқы туризмді дамытуға ниетті. 

Ақмарал Есімханова, тілші:

–Баянауыл өңіріндегі жазғы демалыс маусымы бел ортасына жетті. Өлкенің тарихи және туристік мәртебесін арттыру бағытында тынымсыз еңбек жемісін берді. Нәтижесінде демалыс базалары ретке келтіріліп, саяхатшылардың жақсы демалуына оңтайлы жағдайлар жасалды.

Жер жәннаты атанған Баянауыл өңірінің туристік әлеуетін арттыру мақсатында тың жұмыстар атқарылды. Мәселен, арнайы әзірленген бас жоспар негізінде 3 млрд. теңге бөлінді. Бұл қаржы өңірдің инфрақұрылымын жақсартуға жұмсалды. Мәселен, былтырғы демалыс маусымында бұл өңірге 150 мыңнан астам турист келген. Ал биылғы жылы олардың қатары екі есе артады деп күтілуде. 

Баянауылға ірі отандық инвесторлар қызығушылық танытуда. Астаналық және алматылық кәсіпкерлер жазғы туризммен қатар, қысқы тау-шаңғы базасын ашуға қомақты қаржы құюға бар. Ал өзге инвесторлар кіші авиацияны жандандырды. Мемлекет тарапынан да қолдау бар, бюджет қаржысына жол және ауыз су мәселесі шешілді. Баянауылда жыл он екі ай демалудың да күні алыс емес.

Оразгелді Қайыргелдинов, Баянауыл ауданының әкімі: 

–Сабындыкөлдің басында балаларға демалатын, әрине, ата-аналарымен бірге демалатын бір демалыс үйін ашу деген жоспар тұр. 200 орындық жасаймын деген Астанадан инвестор келіп, жер мәселесі, оған техникалық пайдалану проблемаларын шешетін болса, онда сол жұмыс әрі қарай жүреді.

Баянауыл орта және шағын кәсіпкерліктің дамуына да серпін берді. Өкінішке қарай, олардың арасында ісіне салғырт қарағандар бар. Жергілікті билік табиғатты қорғау талаптарын орындамаған 20-ға жуық кәсіпкермен қош айтысқан. Жасыбай көлінің маңындағы бұл дәмхана – өзгелерге үлгі. Бағасы қолжетімді, қызметі сапалы.

Гүлнәр Тәшімова, кәсіпкер 

–Қонақтарға бар жігерімізді салып, соларды қарсы алып, қазақтың тағамдарын алдарына апарып, көңілінен шығып отырамыз.

Демалыс ошақтарында қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жұмысы күшейтілген. Тәртіп сақшыларының қатары артып, Жасыбай көлінің аумағы бейнебақылау камераларымен қамтылған.

Әди Данияров, Баянауыл аудандық полиция бөлімінің бастығы:  

–Мақсатымыз – тәртіп бұзғандарды жауапқа тарту емес, құқық бұзушылықтарды болдырмау. Алдын алу жұмыстарын жүргізіп жатырмыз.

Жасыбай көлін жайлаған демалыс нысандары көркейе түскен. Көл жағалауы адам танымастай өзгерді. Субұрқақ орнатылып, шамдар мен дүңгіршектер жаңарды. 

Күнішай Шайзада, турист:

–Керемет өзгеріс. Жылдан-жылға біздің табиғатымыз әсемделіп, әдеміленіп келе жатыр. Осындай демалыс орындары көбейе берсе, біздің Жасыбай, басқа да жерлерде демалыс орындары өте көп.

Отандық туризмді дамытуға қосымша қаржы көздерін табу мақсатында 2017 жыл Баянауыл жылы деп жарияланды. Биыл өңірге рекордтық қаржы бөлінді. 6 млрд теңге ауданның әлеуметтік-экономикалық мәселелерін шешуге жұмсалмақ.

Авторлары: Ақмарал Есімханова, Марат Игіліков және Алексей Омельницкий