ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҮШІНШІ ЖАҢҒЫРУЫ: ЖАҺАНДЫҚ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІК

Алматы облысында кәсіпорындарды орналастыру картасы әзірленді

Алматы облысында кәсіпорындарды орналастыру картасы әзірленді Алматы облысы әкімінің ресми сайты

Көксу қант зауытына өңірдің 560 шаруа қожалығы қант қызылшасын тапсыратын болса, Жаркент крахмал-сірне зауытымен 540 жүгері өсіруші шаруашылық жұмыс істейді.

Ал Текелі ашытқы зауыты 100-ден астам шаруашылықты біріктіріп отыр.

Жалпы облыста агроөнеркәсіптік кешеннің ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеудің 9 басым бағыты белгіленген. Атап айтқанда, астық, майлы дәндер, қант қызылшасы, көкөністер мен жемістер, ет, сүт, балық және жүн өңдеуге басымдық берілмек.

Облыста Өңдеу кәсіпорындарының 2021 жылға дейінгі орналасуының егжей-тегжейлі картасы әзірленген. Оны жүзеге асыру ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу саласын индустрияландыруға, кооперация мәселелерін шешуге мүмкіндік береді деп күтілуде.

Бұл орайда зауыттар өңдеуші кәсіпорын ретінде негізгі өзек бола отырып, маңайына шаруа қожалықтарын топтастырып отыр. Бүгінгі күні Көксу қант зауыты, Жаркент крахмал-сірне зауыты мен Текелі ашытқы зауыттары осының айқын айғағы бола алады.  

Алдағы уақытта бұл қатарға Ақсу қант зауыты, ирандық «Империя Фуд» компаниясымен бірлескен, экспортқа бағытталған, жылына 8 мың тонна өнім шығаратын ет өңдеу зауыты және басқа да нысандар қосылатын болады, деп жазады strategy2050.kz.