Қостанайда өсімдік майын шығаратын зауыт іске қосылды - "Хабар" телеарнасы
ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҮШІНШІ ЖАҢҒЫРУЫ: ЖАҺАНДЫҚ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІК

Қостанайда өсімдік майын шығаратын зауыт іске қосылды

  • Жұма, 28 Шілде 2017 20:00

Үдемелі индустриалық-инновациялық даму бағдарламасы аясында Қостанайда тағы бір өндіріс ошағы іске қосылды. Өсімдік майын шығаратын жаңа зауыт өңірдегі ірі жобалардың бірі саналады. Кәсіпорынның өндіріс қуаттылығы – тәулігіне 20 тонна. Жоғары технологиялық зауыт өнімі Қазақстаннан тыс шет елдерге де экспортталады.

Қостанай облысында өсімдік майын шығаратын сегіз кәсіпорын жұмыс істейді. Олардың қатарын биыл тағы біреу толықтырды. Жаңа өндіріс орыны күнбағыс майын өндіреді. Шемішке тазартылып, өңделіп, сығылып, дайын өнім болып шыққанға дейін бірнеше технологиялық желіден өтеді. Болашақта оны әлі де кеңейту ойда бар. 

Геннадий Бакай, өндіріс меңгерушісі:

-Алдағы уақытта өндірісті жарақтандыра түсу жоспарда тұр. Тек күнбағысты ғана емес, басқа да майлы дақылдарды өңдеп, өнім алсақ дейміз. Сұйық май түрін де, көлемін де арттыруға мүмкіндігіміз бар.

Мұнда өнім сапасына аса маңыз беріледі. Жас технолог маман Александра Крылова шикізаттан майға айналғанға дейін аралықта 5 мәрте сынама алып, тексерістен өткізеді.

Александра Крылова, технолог:

-Дайын өнімді көзбен де анықтауға болады. Түсі ашық, таза, тұнбасы жоқ, яғни сапасы жоғары деген сөз. Бірақ біз мұны қосымша зертханалық тексеріске жібереміз.

Күнбағыс майы Қазақстанның барлық аймақтарына саудаланады. Жақында алғашқы партиясы Ауғанстанға да жіберілді. Қазір өнімді экспорттауға Орта Азия елдерімен келіссөздер жүргізіліп жатыр. Жалпы биыл Тобыл өңірінде Үдемелі индустриалық-инновациялық даму бағдарламасы шеңберінде бес ірі жобаны жүзеге асыру көзделіп отыр.

Ербол Сүлейменов, «Қазақинвест» ҰК АҚ аймақтық директоры:

-Тау-кен секторындағы біраз жобамыз бар, мынау автоөнеркәсіп жобаларында, солардың бәрін атап айтқанда, жылдың аяғына дейін бес жобамыз бар. Жылдың аяғына дейін 200-ден астам жұмыс орны ашылады.

Мұның сыртында ұзақ уақыт тұралап қалған Комсомол құс фабрикасын қайта жаңғырту көзделді. Голландиялық инвестор кеңес дәуірінен келе жатқан кәсіпорынды қайта жандандырып, іске қосуға ниетті. 

Авторлары: Мағауия Қалиев, Сергей Трахтенберг

Система Orphus Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

Қазақстан және әлем жаңалықтары

Календарь

Әлеуметтік желілер

  1. TW
  2. FB
  3. BK

Приложение Хабар для iOS Приложение Хабар для Андроид

Хабар 24 Телеканал Kazakh TV  Телеканал ЕЛАРНА

яндекс.ћетрика

 Тумар EXPO 2017 Акорда Электронное правительство Казахстана

© 2017 «Хабар» агенттігі. Барлық құқықтары қорғалған.