×

Warning

JUser: :_load: Unable to load user with ID: 148

Қоғам

Ақтөбеде бірқатар өндіріс орны экологиялық талаптарды сақтамаған

Ақтөбеде бірқатар өндіріс орны экологиялық талаптарды сақтамаған

Ақтөбедегі бірқатар өндіріс орны экологиялық нормаларды елемей келген. Шаһарда мүңкіген қолаңса иістің таралуына басты себеп осы.

Жергілікті шенеуніктер мен экологтардан құрылған арнайы топ бірнеше мекемені тексеріп, өндірістік қалдықтарды тазартатын құрылғылардың жоқтығын анықтады. Әсіресе спирт өнімдерін шығаратын зауыттар экологиялық талаптарға немқұрайлы қараған.

Кәріз суларын қабылдайтын коммуналдық мекеме: «Бұдан былай арнайы електен өтпеген қалдықтарды қабылдаудан бас тартамыз», – дейді. Спирттік ішімдік өндірушілерге бұл олқылықтарды 10-шы тамызға дейін жою туралы ескерту жасалған. 

Жақсығали Иманқұлов, Ақтөбе облыстық экология департаментінің жетекшісі:

-Сараптамалар кәріз суларында экологиялық нормадан бірнеше есе артатын өндіріс қалдықтарын анықтады. Оны біздің лаборатория да, Ақбұлақтың сараптамасы да дәлелдеп отыр. Сондықтан одан әрі тексеруді жалғастырып, мәселені шешетін боламыз. Егер біздің ескертуге құлақ аспаса, сот шешімі арқылы өндіріс орындарын тоқтатуға тура келеді.