×

Warning

JUser: :_load: Unable to load user with ID: 143

Қоғам

«Хабар» арнасы жаңа маусымда көрермендерін қандай жобалармен қуантады?

«Хабар» арнасы жаңа маусымда көрермендерін қандай жобалармен қуантады?

«Хабар» агенттігі ізгілік, адамгершілік, махаббат, адалдық сияқты адами құндылықтарды насихаттау дәстүрін жалғастыра бермек.

Жаңа маусымда көрермендер назарына ұсынылатын телехикаялар да осы ұстанымға негізделген.

Арнамыздың жаңа маусымында көрермен назарына ұсынылатын жаңа жобаның бірі – «Қария» телехикаясы. Фильмде әке мен бала арасындағы қарым-қатынас арқылы бүгінгі қоғамдағы келеңсіз жайт бейнеленеді. Бас кейіпкер Ербол егде тартқан әкесінен бас тартады. Телехикаяның бірнеше көрінісінің қарттар үйінде түсірілуі де сондықтан.

Асқат Мұсабай, «Қария» телехикаясының режиссері:

– Осы сериалды көргеннен кейін бір болсын отбасы өзінің әке-шешесін қарттар үйіне апару ойынан бас тартса, соның өзі бізге үлкен жетістік болар еді. Мақсатымыз да осы.

Махаббат жасқа қарамайды. Режиссер Әнуар Матжановтың «Мезгілсіз махаббат» отбасылық комедиясының желісі осы тақырыпқа негізделген. Алматының алыс ауылынан Астанаға қыдырып барған Демесін ақсақал қаланың көрікті кемпіріне ғашық болады. Фильм қарапайым тіршілікпен басталып, күтпеген оқиғаларға ұласады.

Дәрігерлердің ана мен бала өмірін сақтап қалудағы жанкешті әрекеті баяндалатын «Абзал жан» телехикаясындағы басты рөлді жас актер Қажымұқан Қалымбет ойнайды. Оқиға желісі тағдырдың жазуымен баласынан айырылған әке өзінің білімі мен күш-жігерін ана мен баланың өмірін сақтап қалуға арнаған дәрігер бейнесі арқылы өрбиді. Бір қызығы, актер Қажымұқанның операция жасауда өмірлік тәжірибесі бар.

Қажымұқан Қалымбет, актер:

Мектеп бітірген кезде мен Асфендияров атындағы Медицина университетіне түскен болатынмын. Үш жыл оқып, фельдшерлік алған соң кетіп қалғанмын. Себебі мектеп кезден өзім өнерге жақын болғанмын. Ал мына жерде оның әжептәуір көмегі тиіп жатыр.

Бұл телехикаялар «Хабар» телеарнасының эфирінен қыркүйек айынан бастап көрсетіле бастайды.

Авторы: Гүлжан Көленқызы