×

Warning

JUser: :_load: Unable to load user with ID: 144

Қоғам

«Хабар» арнасы жаңа маусымда әлеуметтік жобаларға көп көңіл бөлмек

«Хабар» арнасы жаңа маусымда әлеуметтік жобаларға көп көңіл бөлмек

«Хабар» телеарнасы әдеттегідей көрермендеріне тың жобалар әзірледі.

Дәстүрінен жаңылмаған арнамыз биыл да әлеуметтік жобаларға ерекше ден қойған.

Теледидар қосқан кез келген жан жаңалық күтеді. «Хабар» арнасы осы маусымда күндізгі жаңалықтар топтамасын жаңғыртты. Хабар тағы да әлеуметтік блокты ерекше дамытып отыр. Әлеуметті қызықтырар талай жоба дүниеге келді. Бүгінгі қоғам үшін өзекті ана мен бала тақырыбын талқылайтын «Абзал жан» жобасы, рухани, отбасылық құндылықтарға арналған «Ана мен бала» атты танымдық ток-шоуы, үлгі-өнеге, тәлім-тәрбие беретін «Қария» сериалы көрерменнің көңіл хошына бөленері сөзсіз. Бұл фильм Алматыдағы қарттар үйінде түсірілді. 

Айдос Тұрысбек, «Хабар» арнасының бас продюсері:

- Бұл фильмнен әр көрермен өзіне керекті, танымдық, тәрбиелік өнеге алады деп ойлаймын, бұл жердегі фильмнің ең басты мақсаты, көрерменге жеткізетін ойы – ата-анамызға құрмет көрсету, қарттарымызды ардақтау. «Ана мен бала» атты танымдық ток-шоуын көрермен назарына ұсынатын боламыз. Бұл – ана мен баланың өміріне қатысты, олардың денсаулығы, күтімі туралы ток-шоу. 

«Хабар» Агенттігі биыл отандық фильмдердің 189 сериалын түсірді. Жаңа маусымда «Миллион кімге бұйырады?» интеллектуалдық шоуы экранға оралады. Жүргізушісі – танымал журналист Серік Ақышев. 

Сандуғаш Рақымжанова, «Хабар» телеарнасының директоры:

 - «Кто возьмет миллион?» шоуы қыркүйектен бастап әзірге орыс тілінде шығады. Өтініш жаздың ортасынан бері қабылданғандықтан, ниет білдіргендер өте көп. Сұрақтар халықаралық форматта әзірленген. Ал «Жұлдызды жекпе-жек» ойын-сауық бағдарламасын Мейрамбек Беспаев жүргізбек. Жобада Қайрат Нұртас, Төреғали Төреәлі секілді жұлдыздар жарысады, бағасын көрермен береді. «Биле, Қазақстан!» жобасы тағы да жалғасын табады. 

Ұлттық кодты сақтау, рухани жаңғыру бағытында бірталай жоба әзірленген.  

Айдос Тұрысбек, «Хабар» арнасының бас продюсері:

- Алтын бесік – әрқайсысымыздың ауылымыз. Ауылдан шыққан азаматтардың өз ауылына жасаған құрметі, өз ауылына жасаған жақсылығы көрсетілетін болады. «Сана» деген тағы бір бағдарлама эфирге шықты. Рухани жаңғырудың тағы бір көрінісі – оны халыққа оңай, түсінікті тілмен жеткізу. 

«Батырлар жолы» телехикаясы желтоқсанда көрерменге ұсынылады. Оқиға XVII ғасырдың басында қазақ билері мен сұлтандары өзара тартысып жатқан тұста басталады. Алмағайып замандағы батырлардың батылдығы бейнеленеді. Осылайша бұл маусымның «Хабарды» қосқан жанға берері мол.  

Авторлары: Индира Жылқайдарова, Айдос Меделбеков