«Хабар» Агенттігіне қарасты «Хабар 24» арнасына 5 жыл толды - "Хабар" телеарнасы
ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҮШІНШІ ЖАҢҒЫРУЫ: ЖАҺАНДЫҚ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІК

«Хабар» Агенттігіне қарасты «Хабар 24» арнасына 5 жыл толды

  • Жұма, 01 Қыркүйек 2017 22:48

Тәулік бойы хабар тарататын еліміздің тұңғыш әрі жалғыз арнасы осы азғантай уақытта өз аудиториясын қалыптастырып үлгерді.

Телеұжым бүгінде несімен дараланады? Қалың көрерменді жаңа маусымда қандай жаңалықтар күтіп тұр?

Осыдан 5 жыл бұрын қазақ телевизиясы тарихында ерекше арна дүниеге келді. Өйткені елімізде осы уақытқа дейін тәулік бойы ақпарат тарататын арна болған емес. Ал оны жасақтау оңайға соққан жоқ. Алайда жас ұжым талмады. Тынбады. Еңбектенді. Барын салды. Бүгінде «Хабар 24» өзіндік көрермені қалыптасқан арнаның біріне айналды деп сеніммен айта аламыз. 

Жаннұр Сахиева, «Хабар 24» телеарнасының шығарушы редакторы: 

- «Хабар 24» ашылуына тәуекелмен келдік. Отбасымызды тастап, бала-шағамызды қалдырып. Өйткені біз оның болашағына сендік. Еліміздегі басты ақпарттық арна – «Хабар 24». Өсу бар, өркендеу бар. 5 жыл бұрын мұнда журналист ретінде келдім. Қазір шығарушы редактор қызметіне дейін көтерілдім.

Тарихқа сәл шегініс жасасақ. Арна ашыларда «тәулік бойы көрерменге не көрсетеміз?» деген қорқыныштың болғаны рас. Бірақ «көз қорқақ, қол батыр» емес пе? Жас ұжым бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарды. Қазір көк жәшікке телмірген көрерменге айтар жақсы жаңалықтарымыз кейде эфирге сыймай жатады. Өйткені бірде-бір отандық арнаның біздікіндей шетелдік тілшілер қосыны жоқ. 

Арман Сеитмамыт, «Хабар 24» телеарнасының директоры: 

- Қазір кез келген жерде тікелей эфирге шыға алатын рюкзак бар. GSM стандарт  бойынша сағатына 60 шақырым жылдамдықпен жүріп келе жатып тікелей эфирге шығуға болады. Біздің шетелдегі тілшілік қосындарымыз келісімшарт бойынша шетелдік ақпарат агенттіктерімен байланысқа шығып жатыр. Осыдан 5 жыл бұрын жұмысымызды бастағанда, мұндай мүмкіндіктеріміз болған жоқ.

«Хабар 24» ақпарат таратып қана қоймайды. Мұнда саясат, экономика, спорт секілді түрлі саладағы бағдарламалар эфирден өтеді. Көрерменге 100% отандық туынды ұсынады. «Хабар 24-тің» техникалық әлеуеті зор. Студиядағы операторлар жұмысын роботтар қолға алған. ТМД-да теңдесі жоқ студия дәл қазір сіз бен бізді байланыстырып отыр. 

Бақытжан Досымбеков, «Хабар 24» телеарнасының режиссері: 

- Барлық жұмысты роботтар жасайды. Алайда бір адам алдын ала реттеп алады. Реттеп алғаннан кейін жалғыз адам келіп, осы студияда эфирді өткізе береді. 

Арнамыз бүгінгі күнге дейін көрерменге 30 түрлі бағдарлама ұсынды. Жаңа маусымға сеніммен қадам басқан жас арна көзі қарақты көрерменін қуанта бермек. Алдағы күндері экономика мен медицина, отандық автоөндіріс пен туризм жаңалықтары, құқық қорғау органдарының тыныс-тіршілігі жайында жобалар ұсынады. Демек, бағытымыз баянды, жоспарымыз ауқымды. 

Авторлары: Әсел Тұмашқызы, Әнуар Тәуекелов

Система Orphus Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

Қазақстан және әлем жаңалықтары

Календарь

Әлеуметтік желілер

  1. TW
  2. FB
  3. BK

Приложение Хабар для iOS Приложение Хабар для Андроид

Хабар 24 Телеканал Kazakh TV  Телеканал ЕЛАРНА

яндекс.ћетрика

 Тумар EXPO 2017 Акорда Электронное правительство Казахстана

© 2017 «Хабар» агенттігі. Барлық құқықтары қорғалған.