Бүгін 20.00-де «Хабар» телеарнасы ЕХРО 2017 көрмесінің жабылу салтанатын тікелей эфирде көрсетеді - "Хабар" телеарнасы
ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҮШІНШІ ЖАҢҒЫРУЫ: ЖАҺАНДЫҚ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІК

Бүгін 20.00-де «Хабар» телеарнасы ЕХРО 2017 көрмесінің жабылу салтанатын тікелей эфирде көрсетеді

  • Жексенбі, 10 Қыркүйек 2017 14:40

Жылдың ең басты оқиғасы EХРО-2017 көрмесі өз мәресіне жетуде.

EХРО-2017 көрмесінің «Болашақтың энергиясы» тақырыбы ең үздік әлемдік энергия сақтау технологиясын, күн, жел, теңіз, мұхит және термалды су тәрізді бүгінде бар баламалы энергия көздерін пайдалануда жаңа әзірлемелер мен технологияны пайдалануға мүмкіндік берді. 

115 ел мен 22 ұйым шараға қатысты. Үш ай аралығында көрмені 3 жарым миллионнан аса адам тамашалады. Ал еліміздің «Нұр Әлемі» павильоны мейман ең көп келген объектілердің бірі болды.

«EXPO-2017: Болашақ энергиясы» халықаралық мамандандырылған көрмесінің жабылу салтанатын көріңіздер. 10 қыркүйек күні сағат 20.00-де ТІКЕЛЕЙ КӨРСЕТІЛІМНЕН қапы қалмаңыздар!

Жабылу салтанатының ресми бөлімі Конгресс орталығы ғимаратында өтеді, алайда көрсетілім Амфитеатр сахнасынан 20:00-ден 20:50-ге дейін жүргізіледі. 

Естеріңізге сала кетейік, 10 қыркүйекте ЕХРО 2017 көрмесі түнгі екі жарымға дейін жұмыс істейді.

Көрме штаттық режимде қызмет етеді, барлық павильондар қонақтарды сағат 09:30-дан 20:00-ге дейін қабылдайды.

Көрмеге кіру аумағы алдындағы ресми билет кассалары 09:00-ден 18:30-ға дейін және 22:00-ден 00:30-ға дейін жұмыс істейтін болады. Ал 19:00-ден 22:00-ге дейінгі уақыт аралығында көрменің барлық кіреберістері жабылады.

Оңтүстік және батыс кіреберістері сағат 22:00-ден бастап қайта ашылады және 01:00-ге дейін көрмеге келушілерді қабылдайды.

Павильондар атриумы 22:00-де ашылып, 02:30-ға дейін жұмыс істейді. Осы уақыт аралығында халықаралық павильондар өздерінің концерттік бағдарламаларын ұсынады. Көрме кешені аумағындағы мейрамханалар мен тамақтану орталықтары жұмыстарын 22:00-ден 02:30-ға дейін жалғастырады.

Концерттік бағдарлама сағат 18:00-ден 20:00-ге және 21:00-ден 23:10-ға дейін Амфитеатр сахнасында өтеді, оны «ЭКСПО-2017» көрмесіне кіру билеті арқылы тамашалауға болады.

Көрменің жабылу салтанатына арналған отшашу сағат 21:15-те өтеді.

 

Система Orphus Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

Қазақстан және әлем жаңалықтары

Календарь

Әлеуметтік желілер

  1. TW
  2. FB
  3. BK

Приложение Хабар для iOS Приложение Хабар для Андроид

Хабар 24 Телеканал Kazakh TV  Телеканал ЕЛАРНА

яндекс.ћетрика

 Тумар EXPO 2017 Акорда Электронное правительство Казахстана

© 2017 «Хабар» агенттігі. Барлық құқықтары қорғалған.