ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҮШІНШІ ЖАҢҒЫРУЫ: ЖАҺАНДЫҚ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІК

Алматыда «Ашық әкімдік» қызметі іске қосылды

Алматыда «Ашық әкімдік» қызметі іске қосылды

Қоғамдық қабылдауға келген тұрғындар түрлі мәселелер бойынша өтініш-тілектерін қалдыра алады.

Жаңа қызмет мемлекеттік органдардың жұмыс тиімділігін арттырып, ашықтықты қамтамасыз етуге бағытталған. Орталықта қалалық 5 басқарма мен прокуратура, полиция мен мемлекеттік кірістер департаменті, кәсіпкерлер палатасы мен 8 ауданның әкімдіктерінің өкілдері қызмет көрсетеді. Сондай-ақ орталықтың электронды сайтынан қажетті ақпараттар мен кеңестер де алуға болады. Ашық әкімдік бір күнде мыңға жуық адамды қабылдай алады. 2018 жылға қарай орталықтағы қызмет алаңдарын кеңейту жоспарланған.

Нұрлан Жайлаубай, «Open Almaty» орталығы операциялық залының жетекшісі:

-Бұл қазіргі таңда пилоттық жоба ретінде жүзеге асырылып жатыр. Егер тұрғындар осы жерге жиілеп келсе және қабылдау бөлмесінің нәтижесі жақсы болса, болашақта әр ауданда осындай орталықтарды, қабылдау бөлмелерін ашу мақсатымыз алдымызда тұр.