ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҮШІНШІ ЖАҢҒЫРУЫ: ЖАҺАНДЫҚ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІК

13-14 қыркүйекте Астананың кейбір көшелерінде ауызсу беру тоқтатылады

13-14 қыркүйекте Астананың кейбір көшелерінде ауызсу беру тоқтатылады АкваСказка

Астанада 13 қыркүйектен 14 қыркүйекке қараған түні Манас 22/3 көшесі бойынша және 14 қыркүйек Қоба қиылысы бойынша ауызсу беру тоқтатылады, деп хабарлады «Астана су арнасы» МҚК.

Манас 22/3 көшесі бойынша Д=200 мм су құбырында жоспарлы жөндеу жұмыстарын өткізуге байланысты 13.09.2017 ж. сағат 23:00-ден 14.09.2017 ж. сағат 06:00-ге дейін ауызсу беру тоқтатылады. Ауызсудың берілуі келесі нысандарда тоқтатылады: 

1) Манас көшесі, 20/1, 20/2, 22/1, 22/2;

2) Рысқұлбеков көшесі, 27/1, 27/2, 27/3.

Қобда 3 көшесі бойынша Д=500 мм су құбырында жоспарлы жөндеу жұмыстарын өткізуге байланысты 14.09.2017 ж. сағат 10:00-ден 20:00-ге дейін ауызсу беру тоқтатылады.

Тұрғын емес нысандардың тұтынушылары ауызсудан ажыратылады.

Қошқарбаев 66 көшесі – №1 қалалық ауруханасы (блок № 6, 7, 8).

Ақпарат көзі: Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі