ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҮШІНШІ ЖАҢҒЫРУЫ: ЖАҺАНДЫҚ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІК

ЕХРО-2017: Кәсіпкерлік субъектілер саны 10%-ға көбейген

ЕХРО-2017: Кәсіпкерлік субъектілер саны 10%-ға көбейген

ҚР Тұңғыш президенті – Елбасы қоры жанындағы әлемдік экономика және саясат институтында «ЕХРО-2017. Жасыл экономиканың келешегі» атты конференция өтті.

Сарапшылар, қоғам қайраткерлері және саясаткерлер мамандандырылған көрменің алғашқы нәтижелерін талқылап, әлемдегі жасыл технологиялардың болашағына қатысты ойларын ортаға салды. Астана көрмесі ең алдымен Қазақстан экономикасына қосқан мультипликативті әсеріне назар аудартты. Елорда бюджетіне қызмет көрсету саласынан түскен салықтың 1,2 есе өскені, кәсіпкерлік субъектілер санының 10%-ға көбейгені де айтылды. «Астана ЕХРО-сы дүние жүзі мамандарының «Болашақ энергиясын» дамытуға арналған ең ауқымды жобаларының алаңы болды», – деді сарапшылар. Дүние жүзінің неліктен баламалы қуат көздерін іздеуге мүдделі екенін де айтты.

Айжан Мұқышбаева, сарапшы:

- Әлемде 1 млрд-тан астам адам энергия тапшылыған көріп отыр. Екіншіден, әлемдік жалпы экономиканың өсуі көп әнергияны қажет етеді. Халықаралық энергетикалық агенттіктердің болжамдарына сүйенсек, 2040 жылдарға қарай осы энергия ресурстарына деген сұраныс 30%-ға артады екен. Үшіншіден, әлемдегі энергияға деген қажеттілік ол мұнай, газ, көмір сияқты дәстүрлі энергия көздерінен алынып келеді. Ал баламалы энергияның үлесі бар болғаны 20%. Осыған байланысты әлем елдері қазір жасыл экономикаға көшу жолында.