ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҮШІНШІ ЖАҢҒЫРУЫ: ЖАҺАНДЫҚ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІК

Жамбыл облысында қылмыстық істер электронды түрде жүргізіледі

Жамбыл облысында қылмыстық істер электронды түрде жүргізіледі

Жамбыл облысында қылмыстық істерді электронды форматта жүргізу бойынша пилоттық жоба жүзеге асырыла бастады.

Енді тергеушілер қағазбастылықтан арылып, қажетті материалдарды жинауға уақытын жоғалтпайды. Бірінші кезекте жергілікті полиция, сот пен прокуратура арасында бірыңғай электронды жүйе жасалды. Полицейлер қажетті анықтамалардың барлығын электронды түрде алып отырады. Ал прокурорлар кабинетінде отырып-ақ, компьютер арқылы тергеудің барысын қадағалайды. Сосын іс электронды түрде сотқа жолданады. Бүгінгі күні жаңа жүйе бойынша 20-дан астам қылмыстық іс қаралып, оның үшеуі бойынша сот үкім шығарды.

Бахыт Әбішев, ҚР Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есептер комитеті төрағасының орынбасары:

- Пилоттық жоба бойынша ақпараттық жүйелер сынақтан жақсы өтті. Қылмыстық процестегі ашықтықты жасауымызға мүмкіндік береді, екіншіден, қылмыстық процеске қатысушылардың уақытын үнемдейді, үшіншіден, бұл тергеу барысында фальсификацияға мүмкіндік бермейді.