Қостанай облысында азық-түлік қорын жасауға 480 млн теңге бөлінген - "Хабар" телеарнасы
ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҮШІНШІ ЖАҢҒЫРУЫ: ЖАҺАНДЫҚ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІК

Қостанай облысында азық-түлік қорын жасауға 480 млн теңге бөлінген

  • Сәрсенбі, 13 Қыркүйек 2017 20:13
Қостанай облысында азық-түлік қорын жасауға 480 млн теңге бөлінген фото: http://tvk6.ru/

Биыл Қостанай облысында 3 мың тонна азық-түлік қорын жасау жоспарланған.

Осы мақсатқа бюджеттен 480 млн теңге бөлініп отыр. Әлеуметтік маңызы бар 7 тағам түрі бойынша өнім өндірушілермен келісімшарт жасалған. Атап айтсақ, ет, сүт, жұмыртқа, өсімдік майы, картоп, сәбіз жергілікті шаруалардан сатып алынады. Одан өзге қоймада 540 тонна қант, 20 тонна күріш сақтаулы. Бүгінгі күні өңірлік азық-түлік қорына жоспарланған мөлшердің үштен екісі жиналды.

Әділбек Оразбаев, Қостанай облыстық ауылшаруашылық басқармасы басшысының орынбасары:

- Өткен жылдарды ескере отырып, биыл біз қор көлемін ұлғайттық. Келісімшарт мерзімін де ұзарттық. Себебі осы жылы көктем аяғында картоп бағасының көтерілгендігіне куә болдық. Енді жергілікті шаруалармен 1 маусымға дейін жасалған келісім бойынша бағаны тұрақты ұстауға мүмкіндігіміз бар.

 
Система Orphus Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

Қазақстан және әлем жаңалықтары

Жаңалықтарға жазылу

Календарь

Әлеуметтік желілер

  1. TW
  2. FB
  3. BK

Приложение Хабар для iOS Приложение Хабар для Андроид

Хабар 24 Телеканал Kazakh TV  Телеканал ЕЛАРНА

яндекс.ћетрика

 Тумар EXPO 2017 Акорда Электронное правительство Казахстана

© 2017 «Хабар» агенттігі. Барлық құқықтары қорғалған.