Сарапшылар: Латын қарпіне көшу – уақыт талабы - "Хабар" телеарнасы
ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҮШІНШІ ЖАҢҒЫРУЫ: ЖАҺАНДЫҚ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІК

Сарапшылар: Латын қарпіне көшу – уақыт талабы

  • Сәрсенбі, 13 Қыркүйек 2017 21:46

Латын әліпбиіне көшу – мемлекеттің рухани-мәдени дамуындағы аса маңызды кезең.

«Оған әр азамат өз үлесін қосу керек», – дейді еліміздегі этномәдени орталықтардың өкілдері. Қазақстан халқы Ассамблеясының ұйымдастыруымен өткен жиынға қатысушылар: «Латын әліпбиіне кезең-кезеңмен өтуге басымдық берілуі халқымыздың жаңа әліпбиді терең меңгеруіне жол ашады, – деді.

«Латын қарпімен біздің тарихымыздың байланысы тереңде жатыр. Оның үстіне жаңа әліпби – заманауи технология тілімен үндес», – дейді Ассамблея өкілдері.

Абилфас Хамедов, ҚХА Төрағасының орынбасары: 

- Әзербайжан 1994 жылы латын қарпіне көшу туралы бұйрық шығарды да жаңа әліпбиге бірден көшіп кетті. Белгілі бір деңгейде қиындықтар болған шығар. Бірақ қысқа уақытта бейімделіп кетті. Қазақстанда кезең-кезеңмен өту ұсынылды. Сондықтан қиындықтар болмайды деп ойлаймын. 

Мамай Ахетов, Алматы қаласы тілдерді дамыту басқармасының басшысы:

- Қазақ тілінің латын графикасына көшуі мәселесі қазақ тілін заманға бейімдеу, заманға лайықтау тұрғысынан, өзге түркі халықтармен түсінісу, солармен ортақ мәселелердің, ортақ тұстардың бірін жақындатудан туындап отырғандығы анық. Сондықтан бұл дәл мезгілінде жасалып отырған шара деп ойлаймын.

Система Orphus Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

Қазақстан және әлем жаңалықтары

Жаңалықтарға жазылу

Календарь

Әлеуметтік желілер

  1. TW
  2. FB
  3. BK

Приложение Хабар для iOS Приложение Хабар для Андроид

Хабар 24 Телеканал Kazakh TV  Телеканал ЕЛАРНА

яндекс.ћетрика

 Тумар EXPO 2017 Акорда Электронное правительство Казахстана

© 2017 «Хабар» агенттігі. Барлық құқықтары қорғалған.