ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҮШІНШІ ЖАҢҒЫРУЫ: ЖАҺАНДЫҚ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІК

Шымкенттік өнертапқыш қазақ әрпін латынға аударудың оңтайлы жолын ойлап тапты

Шымкенттік өнертапқыш қазақ әрпін латынға аударудың оңтайлы жолын ойлап тапты

Енді қазақ тіліндегі мәтінді латын қарпіне аударуға бар болғаны бірнеше секундыңыз кетеді.

Шымкенттік өнертапқыш қазақ әрпін латынға аударудың оңтайлы жолын ойлап тапты. Бұл жобаны Оңтүстік Қазақстан политехникалық колледжінің ұстазы тәлімгерлерімен бірге екі айда жасаған. Ғаламтордағы жүйенің қолданылуы да оңай. Әрі тегін. Тұтастай сөйлемді бағдарламаға еңгізсеңіз, компьютер автоматты түрде латын әрпімен жазып береді. Мағынасы өзгермейді. Сол қалпында қалады. Қуаныш Тұрсынқұлұлы ақпараттық технологиялар саласында 8 жылдан бері еңбек етіп келеді. Ол бұған дейін бірнеше компьютерлік бағдарлама әзірлеген. 

Қуаныш Тұрсынқұлов, жоба авторы: 

- Кез келген қызметкер немесе оқушы, кітап жазған жазушы осы бағдарлама арқылы өзінің дайын мәтінін лезде латын әліпбиіндегі нұсқасына ауыстыра алады. Яғни латын тіліне көшуде халық арасында қиындық туғызбайды.