Ақтөбе облыстық тарихи-өлкетану музейіне жаңа ғимарат салынып жатыр - "Хабар" телеарнасы
ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҮШІНШІ ЖАҢҒЫРУЫ: ЖАҺАНДЫҚ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІК

Ақтөбе облыстық тарихи-өлкетану музейіне жаңа ғимарат салынып жатыр

  • Сәрсенбі, 13 Қыркүйек 2017 23:22

Құрылысты кәсіпкер азамат өз қаржысына жүргізуде.

Құнды жәдігерлер қоры болған ескі ғимараттың әбден тозығы жетіп, осыдан 2 жыл бұрын жабылған болатын. Демеушінің қаражатымен биыл іргетасы қаланған жаңа нысанда құрылыс жұмыстарының 80%-ы аяқталды. Қоймасында өңір тарихынан сыр шертетін 100 мыңнан астам жәдігері бар музей жақын уақытта қоныс тойын тойлайды. Шаһардың жаңа «Батыс-2» шағынауданында орналасқан мәдениет ошағына 635 млн теңге қаржы жұмсалыпты. Көрме залдарынан бөлек бұл жерде түрлі шара өткізуге мүмкіндік болады.

Маржан Қорғанбаева, Ақтөбе облыстық мәдениет басқармасының басшысы: 

- Оқу залы бар, музей қорында тарихи мағлұматтар бар, сонымен қатар біздің қазақтың қолөнеріне, шеберлердің жұмысына байланысты ұлттық нақыштағы кәдесыйларды сататын арнайы бутиктер, реставрация жасайтын шеберхана, қорды сақтайтын бөлмелер бар, осы музей ғимаратының ашылуы – біз үшін үлкен қуаныш. 

Система Orphus Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

Қазақстан және әлем жаңалықтары

Жаңалықтарға жазылу

Календарь

Әлеуметтік желілер

  1. TW
  2. FB
  3. BK

Приложение Хабар для iOS Приложение Хабар для Андроид

Хабар 24 Телеканал Kazakh TV  Телеканал ЕЛАРНА

яндекс.ћетрика

 Тумар EXPO 2017 Акорда Электронное правительство Казахстана

© 2017 «Хабар» агенттігі. Барлық құқықтары қорғалған.