ҚХА-ның отырысында латын әліпбиіне көшуде асығыстық танытпау керектігі атап өтілді - "Хабар" телеарнасы
ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҮШІНШІ ЖАҢҒЫРУЫ: ЖАҺАНДЫҚ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІК

ҚХА-ның отырысында латын әліпбиіне көшуде асығыстық танытпау керектігі атап өтілді

  • Жұма, 15 Қыркүйек 2017 14:25

Латын әліпбиіне көшу - біздің ортақ мақсатымыз. Дәл осындай тақырыппен Астанадағы Ұлттық академиялық кітапханада Қазақстан халқы ассамблеясы ғылыми-сарапшылық кеңесінің кеңейтілген отырысы өтуде.

Жұрағат Баман, тілші:

Барша жиналған қауым ең бастысы латын қарпіне көшкенде асығыстық танытпау керек дейді. Әр әріптің сөздегі орны, мән-мағынасы бұрмаланбауы қадағалануы тиіс. Қазіргі таңда латын әліпбиіне өту уақыт талабы. Бұл мәселе бүған дейін бірнеше рет көтерілген болатын. Алғаш тәуелсіздік алған жылдары бір айтылды. Қазақ қоғамы екінші мәрте  2005-2007 жылдары тағы бір көтерді. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев 2017 жылдың аяғына дейін ғалымдардың көмегімен барша қоғам өкілдерімен ақылдаса отырып, қазақ әліпбиінің жаңа графикадағы бірыңғай стандартты нұсқасын қабылдауды жүктеді. Қазақ лингвистері латын әліпбиінің 100-ден астам алфавитін ұсынды. Сұрыпталып, арасынан екеуі қалды. Көпшілік назарына ұсынылып отырған  әліпби – солардың бірі. 25 таңбадан, яғни әріптен тұрады, қосымша 8 диграф болады. Алфавит авторлары «ең басты принцип – қазақ тілінің шұрайлылығы» сақталады дейді. 

Шерзод Пулатов, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі:

- Қазақстан Халқы Ассамблеясы ғылыми-сарапшылық кеңесінің кеңейтілген кеңесі өтті. Отырыста көптеген пікір айтылды. Біз оның бәріне қосыламыз. Ең біріншіден, қазақ тілін латын әліпбиіне көшірудің маңызы өте зор. Бұл қазақ тілін үйренгісі келетін адамдар санын көбейтеді деп ойлаймын. Біздің қазақ тіліне шетелдіктер де қызығатын болады. Бізге де ағылшын тілін үйрену өте оңай болады. Екінші жағынан, бұл түркі тілдес мемлекеттер арасындағы қарым-қатынасты күшейтеді. Сондай-ақ мәдени тұрғыдан қарым-қатынасымыз да күшейеді деп білеміз. Қазақ тілін қолданғанда болған көптеген орфографиялық, фонетикалық қателер болған. Енді соның барлығы түзеліп, реттеледі деп ойлаймыз.

Жұрағат Баман, тілші:

-Раxмет, Шерзод Аббозұлы. Жиында латынға көшу кезінде ескерілуі керек өзге де пікірлер айтылды. Толығырақ қорытынды жаңалықтарда баяндалады.

Система Orphus Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

Қазақстан және әлем жаңалықтары

Календарь

Әлеуметтік желілер

  1. TW
  2. FB
  3. BK

Приложение Хабар для iOS Приложение Хабар для Андроид

Хабар 24 Телеканал Kazakh TV  Телеканал ЕЛАРНА

яндекс.ћетрика

 Тумар EXPO 2017 Акорда Электронное правительство Казахстана

© 2017 «Хабар» агенттігі. Барлық құқықтары қорғалған.