ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҮШІНШІ ЖАҢҒЫРУЫ: ЖАҺАНДЫҚ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІК

Бозай елді мекенінде пайда болған «қақпа» жұртты таңғалдырды

Бозай елді мекенінде пайда болған «қақпа» жұртты таңғалдырды Берікхан Тайжігіт

Шығыс Қазақстан облысы Аягөз ауданының тұрғындары ғажайып оқиға туралы əңгіме таратқалы біраз болды.

Аудан орталығынан 25-30 шақырымдай жерде қалыңдығы 40 сантиметр, ұзындығы 11 метр, ені 4,5 метр болатын «қақпақ» пайда болған. Бұл аумақ Бозай елді мекеніне қарасты шаруа қожалықтарының біріне тиесілі шабындық жер. Жердің беткі қабатын осылайша ұқыпты түрде «қырқып» алған кім екенін əзірге ешкім түсіндіре алмай отыр. Адам қолынан келмейтін бұл еңбекті əркім əр түрлі болжауда. Алайда бозайлықтар бұл бөгде ғаламшарлықтар тірлігі деген пікірде. Өйткені осыдан 28 жыл бұрын ауылға қонған «тəрелкені» бірнеше адам көрген. Бұл туралы ауыл тұрғыны, тарих пəнінің мұғалімі Əділбек Баймоллаев хабарлап отыр. Қалай десек те, мəселені ғалымдар зерттегені жөн.

Авторы: Болат Көкенайұлы