×

Warning

JUser: :_load: Unable to load user with ID: 138

Қоғам

Астанада экологиялық ахуалға арналған халықаралық семинар өтеді

Астанада экологиялық ахуалға арналған халықаралық семинар өтеді

Экологияны реттемей, экономиканы көтеру мүмкін емес. Астанада өткен EXPO 2017 көрмесінің діттегені де осы әлемдегі экологиялық ахуалды жақсартып, халықтың әл-ауқатын арттыру.

Елордада осы тақырыпқа арналған халықаралық семинар өтеді. Оған ғалымдар мен зерттеушілер, сарапшылар қатысады. Мойындау керек, соңғы жылдары парникті газдар мен зиянды қалдықтардың ауаға кең тарауы салдарынан жаһандық жылыну үдерісі жылдам жүре бастады. Осы тұрғыда Қазақстан ЭКСПО көрмесінің тақырыбын уақытылы таңдап, көпшіліктің қолдауын тапты. Енді міне, халықаралық шараның нәтижесінде адамзат баласы үшін маңызды мәселені шешудің жолдары да айқындалды.